Жиі қойылатын сұрақтар
Құжаттарды қайда қабылдайды?
Құжаттарды қабылдау автоматтандырылған платформада онлайн жүргізіледі. Іріктеуге қатысу үшін Сізге Президенттік жастар кадр резервінің pkrezerv.gov.kz сайтында тіркелу және өтінім беру қажет.
Құжаттарды қабылдау қашан басталады?
Кандидаттардың өтінімдері 2025 жылдың 1 – 30 маусым аралығында қабылданады.
Іріктеу кезеңдерінің басталғаны туралы қалай біле аламын?
Президенттік жастар кадр резервінің сайтында іріктеу кезеңдерінің мерзімдері туралы ақпарат бар. Тіркелу барысында өзіңіз көрсеткен ұялы телефон нөміріне немесе электрондық поштаңызға кезеңдердің әрқайсысының өтетін орны мен күні туралы ақпарат алдын ала жіберіледі. Сондай-ақ ақпарат Сіздің жеке кабинетіңізде де жарияланады.
Іріктеудің нәтижелері туралы қайдан біле аламын?
Сіздің ұялы телефон нөміріңізге SMS түрінде келеді. Сонымен қатар, іріктеу кезеңдерінің нәтижелері туралы ақпарат Сіздің жеке кабинетіңізге орналастырылатын болады. Іріктеу кезеңінен сәтті өткен жағдайда, Сіз келесі кезеңге шақырылатын боласыз.
Интернет пен веб-камераның болуы міндетті ме?
Иә, бірқатар кезеңдерден өту үшін міндетті түрде интернет жылдамдығы кем дегенде 5 мб/сек болатын тұрақты байланыс, веб-камера, құлаққап пен микрофон болуы қажет.
Іріктеудің барлық кезеңдері онлайн түрде өте ме немесе кейбір кезеңдерде өзімнің жеке қатысуым керек пе?
Құжаттарды қабылдау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, ситуациялық тапсырмаларды шешу кезеңдері және құзыреттерді бағалау кезеңінің құзыреттер бойынша сұхбат блогы онлайн режимде өтеді.
Егер менің іріктеу кезеңдеріне қатысуым керек болса, шығындарымды кім төлейді?
Іріктеу кезеңдерінен өтуге байланысты барлық шығындарды кандидат өзі көтереді.
Іріктеу кезінде мені кім(-дер) бағалайды?
Бағалаушылар пулы мемлекеттік қызмет саласындағы кәсіби мамандардан, академиялық орта және бизнес қоғамдастық өкілдерінен құралған.
Президенттік жастар кадр резервіне қабылданғаннан кейін қандай лауазымдарға үміткер бола аламын?
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға және Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығымен бекітілген Резервті қалыптастыру қағидаларына сәйкес резервшілер саяси мемлекеттік лауазымдарға, сондай-ақ «А» корпусы мен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.
Президенттік жастар кадр резервінде болу мерзімі қандай?
Резервке алынған адамдар Ұлттық комиссияның Резервке кандидаттарды қабылдау туралы шешімі шығарылған күннен бастап Президенттік жастар кадр резервінің резервшісі мәртебесіне ие болады, алайда Резерв шеңберінде тағайындау Резервке қабылданған күннен бастап үш жыл ішінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Президенттік жастар кадр резерві
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
©2019. Барлық құқықтар қорғалған.