«Президенттік жастар кадр резервінің негізгі көздеген мақсаты – мемлекеттік аппаратты жетілдіру және басшылардың жаңа буынына жол ашу. Бүгінгі жастар – мемлекеттік басқару жүйесінің болашағы. Әрқайсыңыздан елді дамытуға тың серпін беретін жаңа идея мен нәтижелі жұмыс күтеміз».

– Қасым-Жомарт Тоқаев

Кімдер қатыса алады?
  • 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары
  • Жоғары білімі бар
  • Жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес
  • Мемлекеттік тілді білетіндігі туралы сертификаты бар (В1 деңгейінен төмен емес)
Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервінде тұрған (бұрын Резервке алынған, сондай-ақ Ұлттық комиссияның шешімі бойынша Резервтен шығарылған) адамдар Резервке іріктеуге қатысуға жіберілмейді.
Қалай қатысуға болады?
  • 01 2025 жылғы 1 маусым – 30 маусым аралығында pkrezerv.gov.kz сайтына тіркелу және өтінім беру
  • 02Жеке кабинетте профильді толтыру
  • 03Келесідей қажетті құжаттарды жүктеу:

    - Жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмесі
    - Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі
    - Мемлекеттік тілді білетіндігі туралы сертификат (В1 деңгейінен төмен емес)

  • Тіркеу

    Президенттік жастар кадр резервіне қатысушыларды тіркеу және құжаттарды қабылдау автоматтандырылған онлайн-платформаны пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Тіркелу кезінде үміткер дұрыс жеке деректерін (ЖСН, Т.А.Ә., туған күні және т.б.) енгізіп, жеке кабинетті (тұрғылықты жері, білімі, салалық бағытты таңдау және т.б.) толтыруы қажет.

    Тіркелу арқылы үміткер өзіне конкурсқа қатысушыларға қойылатын белгіленген талаптарды сақтау, ұсынатын мәліметтері мен құжаттарының дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді қабылдайды. Барлық қажетті материалдар жүктеліп, тіркелу формасы мен жеке профильді үміткер белгіленген мерзімде жеке өзі толтыруы керек.

    * ПЖКР-не іріктеудің барлық кезеңінде толтырылған деректер тексеріледі, қойылған талаптар бұзылған жағдайда Сіздің қатысуыңыз іріктеудің кез келген кезеңінде тоқтатылады.

    Үміткердің өтінімі қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда үміткер Президенттік жастар кадр резервінің іріктеу кезеңдеріне жіберілетін болады.

    Резервке үміткерлерге тіркелу кезінде Қазақстанның мемлекеттік басқару құрылымына сәйкес мынадай алты саланың біреуін таңдау ұсынылады.

    1. Әлеуметтік саясат, азаматтық қоғам
    2. Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау
    3. Цифрландыру
    4. Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты
    5. Экономикалық және қаржылық саясат
    6. Сыртқы саясат және инвестициялар

    Іріктеу кезеңдері
    онлайн
    «Кандидаттардың құжаттарын қабылдау» кезеңі
    2025 жылғы 1 маусымнан (00 сағат 00 минут) бастап 30 маусымға дейін (23 сағат 59 минут)
    Кандидаттарды және олардың құжаттарын тексеру
    2025 жылғы 1 – 31 шілде аралығында
    онлайн
    «Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» кезеңі
    Тестілеудің 1-блогы «Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау»
    2025 жылғы 2 – 3 тамыз аралығында
    Тестілеудің 2-блогы «Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау»
    2025 жылғы 9 – 10 тамыз аралығында
    онлайн
    «Ситуациялық тапсырмаларды шешу» кезеңі
    2025 жылғы 16 – 17 тамыз аралығында
    офлайн
    «Құзыреттерді бағалау» кезеңі:
    Құзыреттерді бағалаудың 1-блогы «Ассессмент-орталық»
    2025 жылғы 22 – 28 тамыз аралығында
    онлайн
    Құзыреттерді бағалаудың 2-блогы «Құзыреттілік бойынша сұхбат»
    2025 жылғы 23 – 28 қыркүйек аралығында
    офлайн
    «Резервке іріктеу жөніндегі сарапшылық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу» кезеңі
    2025 жылғы 8 – 15 қараша аралығында
    «Сарапшылық комиссия ұсынған кандидаттарды Ұлттық комиссияның отырысында қарау» кезеңі 2025 жылғы 25 қазанға дейін

    Президенттік жастар кадр резервіне қабылдау 2025 жылғы 25 қазаннан кейін
    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу кезеңдерінен және тестілеуден өту Астана қаласының уақытымен жүргізіледі.
    Құжаттарды қабылдау

    Резервке кандидаттардың құжаттары «www.pkrezerv.gov.kz» онлайн-платформасы арқылы қабылданады.

    Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервінде тұрған (бұрын Резервке алынған, сондай-ақ Ұлттық комиссияның шешімі бойынша Резервтен шығарылған) адамдар Резервке іріктеуге қатысуға жіберілмейді.

    Тіркеу кезінде кандидатқа бағалау кезеңдерінде кандидаттың жеке деректерін иесіздендіру үшін пайдаланылатын жеке нөмір беріледі. Тіркелген кандидаттар жеке кабинетіне логин мен пароль арқылы кіреді. Логин ретінде кандидаттың жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) пайдаланылады, парольді кандидат тіркелу кезінде өзі анықтайды.

    Тіркелуден бұрын кандидат Пайдаланушы келісімімен танысып, дербес деректерді жинауға және өңдеуге өзінің келісімін растауы және келесі талаптарды сақтау бойынша міндеттемені қабылдауы тиіс:

    • интернет желісіне кемінде 5 мб/сек жылдамдықпен қосылатын дербес компьютердің, сондай-ақ дұрыс жұмыс істейтін веб-камераның, құлаққаптың және микрофонның болуы қажеттілігі туралы;
    • кандидат Резервті жасақтау тәртібін сақтамаған, дұрыс емес ақпарат пен құжаттар ұсынған, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3 және 3-1-тармақтарының талаптарына сай келмеген жағдайларда, сондай-ақ тапсырмаларды орындауға өзге де тұлғаларды тарту фактілері анықталған жағдайда іріктеудің кез келген кезеңінен шығарылып тастауға келісім беретіндігі туралы;
    • іріктеудің барлық кезеңінде тест тапсырмаларының, ситуациялық тапсырмалардың және өзге де ақпараттың мазмұнына қатысты мәліметті үшінші тұлғаларға таратпайтындығы туралы.

    Құжаттарды қабылдау алты салалық бағыт бойынша («әлеуметтік саясат, азаматтық қоғам», «инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты», «экономикалық және қаржылық саясат», «цифрландыру», «агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау», «сыртқы саясат және инвестициялар») жүргізіледі. Тіркеуден өту кезінде кандидат Резервке алынған жағдайда еңбек қызметін жүзеге асырғысы келетін салалық бағытты таңдауы керек. Әрбір салалық бағыт үшін Резервке алу квотасы көзделген.

    Кандидат жеке кабинетіне мынадай құжаттарды жүктейді: білімі туралы құжаттардың және олардың қосымшаларының көшірмелері; Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері; мемлекеттік тілді меңгеруге қойылатын талаптарды айқындайтын ұлттық стандарттарға сәйкес мемлекеттік тіл бойынша емтиханды тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы орта деңгейден төмен емес (В1) жарамды ресми сертификат.

    Мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификат алу үшін кандидатқа Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК-да қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша сертификаттық тестілеуден немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы базасында «www.qrt.kz» QAZAQ RESMI TEST қазақ тілін тестілеудің онлайн-сервисінде тестілеуден өту қажет.

    Тіркеуден өтіп болған соң, кандидат мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау кезеңінен өту күні мен уақытын таңдауы керек.

    Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау

    Бұл кезең онлайн-режимде өткізіледі және кандидаттардың мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін айқындауға мүмкіндік беретін екі тестілеу блогынан тұрады.

    Резервтің онлайн-платформасында тестілеуден өту процесі аудио және видео жазбаға жазылады. Кезеңнен өту прокторинг жүйесімен бақыланады. Прокторинг жүргізу барысында кандидат тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұл кандидат Резервке іріктеуден шығарылуға жатады, ал оның нәтижелері жойылады.

    Тестілеуді бастамас бұрын кандидат Пайдаланушы келісімін қабылдап, тестілеуді өткізу тәртібімен танысуы тиіс.

    «Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» атты тестілеудің бірінші блогына талаптарға сай келетін барлық кандидаттар жіберіледі. Тестілеу кандидат таңдаған күні мен уақытында, оның таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі.

    Бұл блок ұсынылған мәтін фрагментін зерделеуге және оның мазмұны бойынша жауап нұсқаларының бірін таңдауға арналған 25 тест тапсырмасынан тұрады.

    «Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» атты тестілеудің екінші блогына «Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» кезеңінде үздік нәтижелер көрсеткен әрбір салалық бағыт бойынша кандидаттардың 50%-ы жіберіледі. Бірнеше кандидаттың нәтижелері бірдей болған жағдайда, жіберілгендердің саны көбейтілуі мүмкін.

    Бірінші тестілеу блогының нәтижелері жарияланғаннан кейін кандидаттарға екінші тестілеу блогынан өту күні мен уақытын таңдау мүмкіндігімен Резервтің онлайн-платформасында тіркелу ашық болады.

    Екінші блок кестелер, графикалар және диаграммалар түрінде ұсынылған ақпаратты зерделеуге арналған 25 тест тапсырмаларын қамтиды, мұнда кандидат жауап нұсқаларының бірін таңдауы керек. Қажет болса, кандидат қағазды, қарындашты және калькуляторды қолдана алады.

    Әрбір тестілеу блогының ұзақтығы – 25 минут. Тестілеу нәтижелері автоматты түрде есептелінеді.

    Тестілеу нәтижелері сараланып, кандидаттардың жеке кабинетіне және Резервтің онлайн-платформасына орналастырылады.

    Электр қуатының ажыратылуынан туындаған техникалық ақаулар себебінен тестілеуден өту мүмкін болмаған жағдайда, кандидат тиісті тестілеуден өткен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде тестілеуден қайта өту мүмкіндігін беру туралы мәселені шешу үшін Резервтің онлайн-платформасында көрсетілген техникалық қолдау қызметінің байланыс деректері арқылы тұрғылықты жері бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым берген анықтаманы ұсынуға құқылы.

    Тиісті кезеңнен қайта өту күні мен уақытын техникалық қолдау қызметі тағайындайды. Кандидатқа кезеңнен қайта өту күні мен уақыты қосымша хабарланады.

    Тестілеу рәсімінің ережелері мен шарттары:
    1) Тестілеуді бастамас бұрын прокторинг жүйесіне арналған кеңейтімді келесі сілтеме арқылы жүктеп алу қажет:
    https://chrome.google.com/webstore/detail/eqyzmet-proctoring/naeiaiklfpgiihmlfdkogjhbakhlkenb
    2) Тестілеу кезеңге жазылу кезінде кандидат таңдаған тілдердің бірінде (қазақ немесе орыс) өткізіледі;
    3) Кандидат өз тарапынан Chrome браузері бар компьютердің/ноутбуктың, тұрақты және жылдамдығы кемінде секундына 5 мб интернеттің, жұмыс істейтін веб-камера мен микрофонның, жеткілікті деңгейде көрінуге мүмкіндік беретін жарықтың болуын және бөгде дыбыстың/шудың болмауын қамтамасыз етеді;
    4) Кандидаттарға өзімен бірге қабылдаушы-беруші электрондық құрылғылардың (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар), құлаққаптардың, қағаз жеткізгіштердің болуына тыйым салынады;
    5) Кандидаттарға жұмыс орнынан тұрып кетуге немесе біреумен келіссөздер жүргізуге тыйым салынады;
    6) Осы іріктеу кезеңінен қайта өтуге жол берілмейді.

    Ситуациялық тапсырмаларды шешу

    Бұл кезең онлайн-режимде өткізіледі және мемлекеттік қызметтің ерекшелігін бейнелейтін практикалық кейстерді шешу кезінде кандидаттың басқару шешімдерін қабылдау қабілетін бағалауға бағытталған.

    Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау қорытындысы бойынша осы кезеңге ең жоғары балл жинаған 600-ден аспайтын кандидат (әр салалық бағыт бойынша 100 кандидат) жіберіледі. Бірнеше кандидаттың нәтижелері тең болған жағдайда іріктеудің келесі кезеңіне кандидаттардың көбірек саны жіберілуі мүмкін.

    Алдыңғы кезеңнің нәтижелері жарияланғаннан кейін кандидаттарға «Ситуациялық тапсырмаларды шешу» кезеңінен өту күні мен уақытын таңдау мүмкіндігімен Резервтің онлайн-платформасында тіркелу ашық болады.

    «Ситуациялық тапсырмаларды шешу» кезеңінен өту процесі Резервтің онлайн-платформасында аудио және видео жазбаға жазылады. Кезеңнен өту прокторинг жүйесімен бақыланады. Прокторинг жүргізу барысында кандидат тарапынан кезеңнен өту кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұл кандидат Резервке іріктеуден шығарылуға жатады, ал оның нәтижелері жойылады.

    Ситуациялық тапсырмаларды шешуді бастамас бұрын кандидат міндетті түрде Пайдаланушы келісімін қабылдауы және кезеңнен өту тәртібімен танысуы тиіс.

    Ситуациялық тапсырмалар кандидаттар арасында кандидаттың салалық бағытына сәйкес кездейсоқ тәртіппен бөлінеді. Кезеңнің ұзақтығы 45 минуттан аспайды, бұл ретте ситуациялық тапсырманы шешу көлемі 500 сөзден аспауы тиіс.

    Электр қуатының ажыратылуынан туындаған техникалық ақаулар себебінен кезеңнен өту мүмкін болмаған жағдайда, кандидат тиісті кезеңнен өткен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде кезеңнен қайта өту мүмкіндігін беру туралы мәселені шешу үшін Резервтің онлайн-платформасында көрсетілген техникалық қолдау қызметінің байланыс деректері арқылы тұрғылықты жері бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым берген анықтаманы ұсынуға құқылы.

    Тиісті кезеңнен қайта өту күні мен уақытын техникалық қолдау қызметі тағайындайды. Кандидатқа кезеңнен қайта өту күні мен уақыты қосымша хабарланады.

    Жұмыстарды қызметтің тиісті бағыттары бойынша бір мезгілде үш салалық сарапшы бағалайды. Сарапшылар пулы академиялық орта өкілдерінен, мемлекеттік қызметшілер мен бизнес қауымдастық өкілдерінен тұрады.

    Жұмыстарды бағалау бес балдық шкала бойынша белгіленген критерийлерге сәйкес Резервтің онлайн-платформада жүзеге асырылады, ал қорытынды баға сарапшылар қойған бағалардың орташа мәнінен шығарылады. Әрбір сарапшыға жұмыстар бағалау үшін кандидаттардың иесіздендірілген деректерімен автоматты түрде бөлінеді. Бұл ретте сарапшылар басқа сарапшылардың бағасын көре алмайды.

    Осы кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары нәтижелерге қол жеткізген 300 кандидат келесі кезеңге жіберіледі. Бірнеше кандидаттың нәтижелері тең болған кезде «Құзыреттерді бағалау» кезеңіне кандидаттардың көбірек саны жіберілуі мүмкін. Егер әрбір салалық бағыт бойынша кандидаттардың саны квотада көзделгеннен аз болған жағдайда, онда қатысушылардың аз санына жол беріледі.

    Кандидаттардың нәтижелері кандидаттардың жеке кабинетіне және Резервтің онлайн-платформасына орналастырылады.

    «Ситуациялық тапсырмаларды шешу» кезеңінің ережелері мен шарттары:
    1) Кезең «Ситуациялық тапсырмаларды шешу» кезеңіне жазылу барысында кандидат өзі таңдаған тілдердің бірінде (қазақ немесе орыс) өткізіледі;
    2) Кандидат өз тарапынан Chrome браузері бар компьютердің/ноутбуктың, тұрақты және жылдамдығы кемінде секундына 5 мб интернеттің, жұмыс істейтін веб-камера мен микрофонның, жеткілікті деңгейде көрінуге мүмкіндік беретін жарықтың болуын және бөгде дыбыстың/шудың болмауын қамтамасыз етеді;
    3) Кандидаттарға өзімен бірге қабылдаушы-беруші электрондық құрылғылардың (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар), құлаққаптардың, қағаз жеткізгіштердің болуына тыйым салынады;
    4) Кандидаттарға жұмыс орнынан тұрып кетуге немесе біреумен келіссөздер жүргізуге тыйым салынады;
    5) Осы іріктеу кезеңінен қайта өтуге жол берілмейді.

    Құзыреттерді бағалау

    Кандидаттардың құзыреттерін бағалау кезеңі екі блоктан тұрады:

    • ассессмент-орталық
    • құзыреттілік бойынша сұхбат.

    «Ситуациялық тапсырмаларды шешу» кезеңінен кейін жіберілген кандидаттарға «Құзыреттерді бағалау» кезеңіне тіркелу қолжетімді болады. Олардың әрқайсысы кезеңнен өту күні мен уақытын таңдай алады. Тіркеу бірінші кезекте толтыру қағидаты бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте тіркелмеген кандидаттар бос күндер мен уақыттарға автоматты түрде бөлінеді.

    «Ассессмент-орталық» құзыреттерді бағалаудың бірінші блогы Академия базасында офлайн-форматта өтеді және ол мінез-құлық индикаторларының жиынтығы арқылы кандидаттардың бойында белгілі бір құзыреттерді анықтауға және бағалауға бағытталған.

    Бірінші блок топтық және жеке жаттығулардан тұрады, олардың барысында кандидаттардың мінез-құлқын сертификатталған сарапшы-бағалаушылар бақылайды. Бір кандидат үшін ассессмент-орталық рәсімінің ұзақтығы 5-тен 6 сағатқа дейін созылады.

    Ассессмент-орталықтың нәтижелері бойынша әрбір кандидатқа қысқаша есептер дайындалады, олар кандидаттардың жеке кабинетіне жіберіледі.

    «Құзыреттерді бағалау» кезеңінің бірінші блогының нәтижелері жарияланғаннан кейін кандидаттарға екінші блоктан өту күні мен уақытын таңдау мүмкіндігімен Резервтің онлайн-платформасында тіркелу қолжетімді болады.

    Нәтижесінде «Құзыреттілік бойынша сұхбат» атты Құзыреттерді бағалау кезеңінің екінші блогына орта баллды ескере отырып, рейтинг бойынша ең жақсы нәтиже көрсеткен 200-ден аспайтын кандидат жіберіледі.

    «Ассессмент-орталық» құзыреттерді бағалаудың бірінші блогының ережелері мен шарттары:
    1) Рәсім ассессмент-орталықтан өтуге жазылу кезінде кандидат таңдаған тілдердің бірінде (қазақ немесе орыс) өткізіледі;
    2) Кандидат белгіленген уақыттан кемінде 30 минут бұрын келіп, офлайн тіркеуден өтуі керек. Кешіккен немесе келмеген жағдайда рәсімнен өтуді басқа уақытқа ауыстыру қарастырылмаған;
    3) Рәсім кезінде кандидаттарға өзімен бірге қабылдаушы-беруші электрондық құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар), құлаққаптарды, қағаз жеткізгіштерді және басқа да ақпарат көздерін алуға тыйым салынады;
    4) Осы іріктеу блогынан қайта өтуге жол берілмейді.

    «Құзыреттілік бойынша сұхбат» құзыреттерді бағалаудың екінші блогы

    Құзыреттілік бойынша сұхбат жеке тереңдетілген сұхбат форматында жүргізіледі және кандидаттардың ішкі ынта-жігерін және құндылық бағдарларын айқындайтын құзыреттерін анықтауға бағытталған. Сұхбатқа тіркелу ассессмент-орталықтың нәтижелері жарияланған сәттен бастап ашылады және ең үздік нәтиже көрсеткен 200 кандидатқа сұхбатқа тіркелу онлайн-платформада жүргізіледі.

    Сұхбат нәтижелері бойынша іріктеудің келесі кезеңі – «Резервке іріктеу жөніндегі сарапшылық комиссиясында кандидаттармен әңгімелесу» кезеңіне ең үздік нәтиже көрсеткен 150-ден аспайтын кандидат жіберіледі.

    «Құзыреттілік бойынша сұхбат» құзыреттерді бағалаудың екінші блогының ережелері мен шарттары:
    1) Сұхбат кезеңге жазылу кезінде кандидат таңдаған тілдердің бірінде (қазақ немесе орыс) өткізіледі;
    2) Кандидат өз тарапынан Chrome браузері бар компьютердің/ноутбуктың, тұрақты және жылдамдығы кемінде секундына 5 мб интернеттің, жұмыс істейтін веб-камера мен микрофонның, жеткілікті деңгейде көрінуге мүмкіндік беретін жарықтың болуын және бөгде дыбыстың/шудың болмауын қамтамасыз етеді;
    3) Кандидаттарға өзімен бірге қабылдаушы-беруші электрондық құрылғылардың (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар), құлаққаптардың, қағаз жеткізгіштердің болуына тыйым салынады;
    4) Кандидаттарға жұмыс орнынан тұрып кетуге немесе біреумен келіссөздер жүргізуге тыйым салынады;
    5) Осы іріктеу блогынан қайта өтуге жол берілмейді.

    Резервке іріктеу жөніндегі сарапшылық комиссиясында кандидаттармен әңгімелесу

    «Резервке іріктеу жөніндегі сарапшылық комиссиясында кандидаттармен әңгімелесу» кезеңі (бұдан әрі – Сарапшылық комиссиясы) Агенттікте офлайн-режимде өткізіледі.

    Кандидаттарға осы кезеңнен өту үшін Резервтің онлайн-платформасында тіркелу қолжетімді болады, онда Сарапшылық комиссиясы мүшелерімен әңгімелесу кезеңінен өту күні мен уақытын таңдауға болады.

    Сарапшылық комиссиясының жұмысы басталардан бір апта бұрын осы кезеңге жіберілген кандидаттар үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушыларымен сөз сөйлеу сапасын арттыру мақсатында дайындық кездесуі ұйымдастырылады (онлайн немесе офлайн-режимде).

    Сарапшылық комиссиясы мүшелерімен әңгімелесу кезеңінде кандидат 5 минут ішінде тиісті саланы, бағдарды немесе қызмет бағыттарын дамыту туралы өзінің көзқарасын таныстыруы қажет. Кандидатқа бөлінген уақыт өткеннен кейін Сарапшылық комиссиясының мүшелері кандидатқа сұрақтар қоя алады, сондай-ақ оның презентациясына пікір білдіре алады.

    Сарапшылық комиссиясы отырыстарының қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия отырысында қарауға ұсынылатын 100-ден аспайтын кандидаттың тізімі шығарылады.

    «Резервке іріктеу жөніндегі сарапшылық комиссиясында кандидаттармен әңгімелесу» кезеңінен өту рәсімінің ережелері мен шарттары:
    1) Әңгімелесу кезінде кандидаттарға өзімен бірге қабылдаушы-беруші электрондық құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондар, құлаққаптар мен өзге де электрондық жабдықтарды) алуға тыйым салынады;
    2) Осы іріктеу кезеңінен қайта өтуге жол берілмейді.

    Сарапшылық комиссиясы ұсынған кандидаттарды Ұлттық комиссияның отырысында қарау

    Ұлттық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Резервке саны 50-ден аспайтын кандидатты қабылдау туралы шешім қабылданады.

    Қазақстан Республикасының
    Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
    Президенттік жастар кадр резерві
    Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
    ©2019. Барлық құқықтар қорғалған.