«Президенттік жастар кадр резервінің негізгі көздеген мақсаты – мемлекеттік аппаратты жетілдіру және басшылардың жаңа буынына жол ашу. Бүгінгі жастар – мемлекеттік басқару жүйесінің болашағы. Әрқайсыңыздан елді дамытуға тың серпін беретін жаңа идея мен нәтижелі жұмыс күтеміз».

– Қасым-Жомарт Тоқаев

Кімдер қатыса алады?
  • 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары
  • Жоғары білімі бар
  • Жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес
  • Мемлекеттік тілді білетіндігі туралы сертификаты бар (В1 деңгейінен төмен емес)
Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервінде тұрған адамдар іріктеуге қатыспайды
Қалай қатысуға болады?
  • 01 2023 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында pkrezerv.gov.kz сайтына тіркелу және өтінім беру
  • Құжаттарды тіркеу және тапсыру бойынша бейне нұсқаулық
  • 02Жеке кабинетте профильді толтыру
  • 03Келесідей қажетті құжаттарды жүктеу:

    - Жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмесі
    - Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі
    - Мемлекеттік тілді білетіндігі туралы сертификат (В1 деңгейінен төмен емес)

  • Тіркеу

    Президенттік жастар кадрлық резервіне қатысуды тіркеу және құжаттарды қабылдау автоматтандырылған онлайн-платформаны пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Тіркеу кезінде үміткер дұрыс жеке деректерін (ЖСН, Т.А.Ә., туған күні және т.б.) енгізіп, жеке кабинетті (тұрғылықты жері, білімі, салалық бағытты таңдау және т.б.) толтыруы қажет.

    Тіркелу арқылы үміткер өзіне конкурсқа қатысушыларға қойылатын белгіленген талаптарды сақтау, ұсынатын мәліметтері мен құжаттарының дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді қабылдайды. Барлық қажетті материалдар жүктеліп, тіркелу формасы мен жеке профильді үміткер белгіленген мерзімде жеке өзі толтыруы керек.

    * ПЖКР-не іріктеудің барлық кезеңдерінде толтырылған деректер тексеріледі, қойылған талаптар бұзылған жағдайда Сіздің қатысуыңыз іріктеудің кез келген кезеңінде тоқтатылады

    Үміткердің өтінімі қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда үміткер Президенттік жастар кадр резервінің іріктеу кезеңдеріне жіберілетін болады.

    Резервке үміткерлерге тіркелу кезінде Қазақстанның мемлекеттік басқару құрылымына сәйкес мынадай алты саланың біреуін таңдау ұсынылады.

    1. Әлеуметтік саясат, азаматтық қоғам
    2. Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау
    3. Цифрландыру
    4. Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты
    5. Экономикалық және қаржылық саясат
    6. Сыртқы саясат және инвестициялар

    Іріктеу кезеңдері
    онлайн
    «Құжаттарды қабылдау» кезеңі
    1-30 қыркүйек
    онлайн
    «Қабілеттерді тестілеу» кезеңі
    1-блок «Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау»
    1 қазан
    2-блок «Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау»
    7 қазан
    онлайн
    «Ситуациялық тапсырмаларды шешу» кезеңі
    10 қазан
    офлайн
    «Құзыреттерді бағалау» кезеңі:
    1-блок «Ассессмент-орталық»
    19-24 қазан
    онлайн
    2-блок «Құзыреттілік бойынша сұхбат»
    20-24 қараша
    офлайн
    «Сарапшылық комиссия мүшелерімен әңгімелесу» кезеңі
    1-8 желтоқсан
    Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы және Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау 2023 жылғы 23 желтоқсанға дейін
    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ПЖКР тестілеу және іріктеу кезеңдерін өту Астана қаласының уақыты бойынша жүзеге асырылады.
    Құжаттарды қабылдау

    Құжаттарды қабылдау онлайн-платформада кандидатты тіркеу және оған бағалау кезеңдерінде кандидаттың жеке деректерін иесіздендіру үшін пайдаланылатын жеке нөмір беру арқылы жүргізіледі. Тіркелген кандидаттың жеке кабинетіне кіру логин және пароль бойынша болады.

    Тіркеу кезінде кандидат білімі туралы және еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін, орта деңгейдегі белгіленген талаптарға сәйкес нәтижемен мемлекеттік тіл бойынша тестілеуден өткендігі туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификатты жүктейді, мемлекеттік басқарудың мүдделі саласын таңдайды, сондай-ақ мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өту уақытына жазылады.

    Мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификат алу үшін кандидат Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жанындағы Ұлттық тестілеу орталығында (қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ) немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының QAZAQ RESMI TEST (ресми-іскерлік қазақ тілін тестілеу жүйесі) онлайн-сервисінде тестілеуден өтуі қажет.

    Өтінім беру кезінде мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификат болмаған жағдайда кандидат «ҚАЗТЕСТ» жүйесі немесе «QAZAQ RESMI TEST» бойынша тестілеуден өту үшін сілтемелер ұсынылады.

    Бұл ретте кандидат тиісті сертификат алғаннан кейін іріктеуге қатысу үшін тіркеуді 2023 жылдың 30 қыркүйегіне дейін аяқтай алады.

    Кандидат талаптарға сәйкес келген жағдайда (Қазақстан Республикасының азаматы, құжаттарды тапсыру сәтінде жасы 35 жастан аспаған, жоғары білімі, 5 жыл жұмыс өтілі, мемлекеттік тілді меңгергені туралы қолданыстағы сертификаты бар) іріктеу кезеңдеріне жіберіледі.

    Қабілеттерді тестілеу

    «Қабілеттерді тестілеу» кезеңі кандидаттардың мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға мүмкіндік беретін екі жеке тестілеу блогынан тұрады:

    I блок вербалды тестілеу арқылы мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға арналған.

    II блок сандық тестілеу арқылы сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға арналған.

    Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан талаптарға сәйкес келетін барлық кандидаттар өтеді.

    Тестілеуден өту тілін кандидат тестілеуден өту уақытына жазылу кезінде өз бетінше таңдайды. Кандидат тапсырмаларға жеке кабинетте қол жеткізе алады.

    Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау мәтіннің ұсынылған бөлігін зерделеуге және оның мазмұны бойынша жауап нұсқаларының бірін таңдауға арналған 25 тест тапсырмасын тұрады.

    Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауды тапсырғандардың 50%-ы жіберіледі, бірақ саны 5000 кандидаттан аспайды.

    Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау кестелер, графикалар және диаграммалар түрінде ұсынылған ақпаратты зерделеуге және оның мазмұны бойынша жауап нұсқаларының бірін таңдауға арналған 25 тест тапсырмасынан тұрады. Қажет болса, кандидат қағазды, қарындашты және калькуляторды қолдана алады.

    Әрбір тестілеудің ұзақтығы – 25 минуттан аспайды.

    Осы кезеңдегі 2 блоктың нәтижелері автоматты түрде есептелінеді.

    Бірнеше кандидаттың тестілеу нәтижелері бірдей болған кезде іріктеудің келесі кезеңіне тестілеу нәтижесіндегі көрсеткіш Ұлттық комиссия айқындаған көрсеткіштен асқан кандидаттар жіберілуі мүмкін.

    Кандидаттарды бағалау нәтижелері кандидаттардың жеке кабинеттерінде орналастырылады.

    Бұл кезең аудио-видео жазбаға жазылады.

    Тестілеу рәсімінің ережелері мен шарттары:

    1) Тестілеуді бастамас бұрын прокторинг жүйесіне арналған кеңейтімді келесі сілтеме бойынша жүктеу қажет: https://chrome.google.com/webstore/detail/eqyzmet-proctoring/naeiaiklfpgiihmlfdkogjhbakhlkenb

    2) Рәсім тестілеуден өту уақытын брондау/жазылу кезінде кандидат таңдаған тілдердің бірінде (қазақ немесе орыс) өткізіледі;

    3) Кандидат өз тарапынан Chrome браузері бар компьютер/ноутбук, тұрақты және жылдамдығы кемінде секундына 5 мб интернет, жұмыс істейтін веб-камера, микрофон және жеткілікті деңгейде көрінуге мүмкіндік беретін жарық болуын және бөгде дыбыстың/шудың болмауын қамтамасыз етеді;

    4) Кандидаттарға өзімен бірге қабылдаушы-беруші электрондық құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды), құлаққаптар, қағаз жеткізгіштердің боулына тыйым салынады;

    5) Кандидаттарға жұмыс орнынан тұрып кетуге немесе біреумен келіссөздер жүргізуге тыйым салынады;

    6) Осы іріктеу кезеңінен қайта өтуге жол берілмейді.

    Ситуациялық тапсырмаларды шешу

    Бұл кезең кандидаттардың ситуациялық тапсырмалар түрінде жасалған өзекті мәселелерді шешуге деген көзқарасын бағалауға бағытталған. Орындалған ситуациялық тапсырмалар кандидаттар арасында таңдалған салалық бағытқа сәйкес кездейсоқ тәртіппен бөлінеді.

    Кезең кандидатқа ыңғайлы кез келген уақытта 2023 жылдың 10 қазанында сағ. 00:00-ден 23:59-ға дейін Астана қаласының уақытымен онлайн платформада эссе жазу форматында өтеді. Бұл кезең аудио-видео жазбамен сүйемелденеді және прокторинг жүйесі арқылы бақыланады. Ұзақтығы – 45 минуттан аспайды, эссе көлемі 500 сөзден көп болмауы тиіс.

    Тапсырманың шешімін тиісті қызмет бағыттары бойынша бір уақытта үш салалық сарапшы бағалайды. Сарапшылар пулы академиялық орта өкілдерінен, мемлекеттік қызметшілер мен бизнес қауымдастық өкілдерінен тұрады.

    Жұмыстарды бағалау онлайн платформада жүргізіледі, онда әрбір сарапшыға кандидаттардың иесіздендірілген деректерімен бағалау үшін жұмыстары автоматты түрде бөлінеді. Қорытынды баға сарапшылар қойған бағалардың орташа мәнінен шығарылады және кандидаттардың жеке кабинеттерінде жарияланады.

    Келесі кезеңге ең үздік нәтиже көрсеткен 250-ден аспайтын кандидат саны жіберіледі.

    «Ситуациялық тапсырманы шешу» кезеңінің ережелері мен шарттары:

    1) Кезең ситуациялық тапсырманы шешу кезеңге жазылу кезінде кандидат өзі таңдаған тілдердің бірінде (қазақ немесе орыс) өткізіледі;

    2) Кандидат өз тарапынан Chrome браузері бар компьютер/ноутбук, тұрақты және жылдамдығы кемінде секундына 5 мб интернет, жұмыс істейтін веб-камера, микрофон және жеткілікті деңгейде көрінуге мүмкіндік беретін жарық болуын және бөгде дыбыстың/шудың болмауын қамтамасыз етеді;

    3) Кандидаттарға өзімен бірге қабылдаушы-беруші электрондық құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды), құлаққаптар, қағаз жеткізгіштердің боулына тыйым салынады;

    4) Кандидаттарға жұмыс орнынан тұрып кетуге немесе біреумен келіссөздер жүргізуге тыйым салынады;

    5) Осы іріктеу кезеңінен қайта өтуге жол берілмейді.

    Құзыреттілікті бағалау

    «Ситуациялық тапсырмаларды шешу» кезеңінен сәтті өткен кандидаттар үшін «Құзыреттерді бағалау» кезеңіне тіркелу қолжетімді болады. Кандидат ұсынылған нұсқалардың арасынан кезеңнен өту күні мен уақытын таңдай алады. Тіркеу бірінші кезекте толтыру қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

    Бұл кезең екі бағалау блогынан тұрады:

    - ассессмент-орталық

    - құзыреттілік бойынша сұхбат.

    Ассессмент-орталық блогы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында офлайн форматта өтетін болады. Ол мінез-құлық индикаторларының жиынтығы арқылы кандидаттардың белгілі бір құзыреттерін анықтауға және бағалауға бағытталған. Құзыреттерді бағалау кезеңінің осы блогы топтық және жеке жаттығулардан тұрады, оның барысында кандидаттардың мінез-құлқын сертификатталған ассессорлар бақылайды.

    Ассессмент-орталықтан өту ұзақтығы 6-дан 8 сағатқа дейін созылады.

    Құзыреттілік бойынша сұхбатқа ассессмент-орталық блогы бойынша үздік нәтиже көрсеткен ең көбі 170 кандидат жіберіледі.

    Бұл іріктеу кезеңінің нәтижелері кандидаттардың жеке кабинеттеріне орналастырылады.

    «Ассессмент-орталық» рәсімінің ережелері мен шарттары:

    1) Рәсім ассессмент-орталықтан өту уақыты мен күніне жазылу кезінде кандидат таңдаған тілдердің бірінде (қазақ немесе орыс) өткізіледі;

    2) Кандидат белгіленген уақыттан кемінде 30 минут бұрын келіп, офлайн тіркеуден өтуі керек. Кешіккен немесе келмеген жағдайда рәсімнен өтуді басқа уақытқа ауыстыру қарастырылмаған;

    3) Рәсім кезінде кандидаттарға өзімен бірге қабылдаушы-беруші электрондық құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды), құлаққаптар, қағаз жеткізгіштерді және басқа да ақпарат көздерін алуға тыйым салынады;

    4) Осы іріктеу кезеңінен қайта өтуге жол берілмейді.

    Құзыреттілік бойынша сұхбат

    «Құзыреттілік бойынша сұхбат» блогына ассессмент-орталықтың нәтижелері бойынша үздік нәтиже көрсеткен ең көбі 170 кандидат жіберілетін болады.

    Құзыреттілік бойынша сұхбат кандидат өзі таңдаған тілге сәйкес, кәсіби HR сарапшыларының қатысуымен жеке тереңдетілген сұхбат түрінде платформада онлайн түрде өткізіледі.

    Сұхбат нәтижелері бойынша келесі іріктеу кезеңі – «Сарапшылық комиссия мүшелерімен әңгімелесуге» үздік нәтиже көрсеткен 150-ден аспайтын кандидат саны жіберілетін болады.

    Бұл іріктеу кезеңінің нәтижелері кандидаттардың жеке кабинеттеріне орналастырылады.

    «Құзыреттілік бойынша сұхбат» блогының ережелері мен шарттары:

    1) Сұхбат кезеңге жазылу кезінде кандидат таңдаған тілдердің бірінде (қазақ немесе орыс) өткізіледі;

    2) Кандидат өз тарапынан Chrome браузері бар компьютер/ноутбук, тұрақты және жылдамдығы кемінде секундына 5 мб интернет, жұмыс істейтін веб-камера, микрофон және жеткілікті деңгейде көрінуге мүмкіндік беретін жарық болуын және бөгде дыбыстың/шудың болмауын қамтамасыз етеді;

    3) Кандидаттарға өзімен бірге қабылдаушы-беруші электрондық құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды), құлаққаптар, қағаз жеткізгіштердің болуына тыйым салынады;

    4) Кандидаттарға жұмыс орнынан тұрып кетуге немесе біреумен келіссөздер жүргізуге тыйым салынады;

    5) Осы іріктеу блогынан қайта өтуге жол берілмейді.

    «Сарапшылық комиссия мүшелерімен әңгімелесу»

    «Сарапшылық комиссия мүшелерімен әңгімелесу» кезеңіне алдыңғы іріктеу кезеңінде ең жақсы нәтиже көрсеткен ең көбі 150 кандидат жіберіледі. Құзыреттерді бағалаудан өткен кандидаттарға «Сарапшылық комиссия мүшелерімен әңгімелесу» кезеңіне өткен кандидаттарға онлайн платформада кезеңге тіркелу қолжетімді болады. Олардың әрқайсысы ұсынылған нұсқалардың ішінен рәсімнен өту күні мен уақытын таңдай алады. Тіркеу бірінші кезекте толтыру қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

    «Сарапшылық комиссия мүшелерімен әңгімелесу» кезеңіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде кандидат таңдаған салалық бағыт бойынша жобаны таныстыру форматында өтеді. Презентация Word форматындағы қысқаша түсіндірмесі бар, PDF форматына түрлендірілген 5 слайдтан (ppt) аспауы керек. Презентацияда кандидат таңдаған салалық бағыты бойынша өзекті мәселені сипаттап, оны шешу жолын және күтілетін нәтижелерді ұсынуы қажет. Сарапшылық комиссия өткізген әңгімелесу қорытындысы бойынша Кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның қарауына ұсынылатын кандидаттардың тізімі жасалады.

    Ұлттық комиссияның отырысына 100-ден аспайтын кандидат саны жіберіледі.

    Бұл іріктеу кезеңінің нәтижелері кандидаттардың жеке кабинеттеріне орналастырылады.

    «Сарапшылық комиссия мүшелерімен әңгімелесу» кезеңінен өту рәсімінің ережелері мен шарттары:

    1) Әңгімелесу кезінде кандидаттарға өзімен бірге қабылдаушы-беруші электрондық құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондар, құлаққаптар мен өзге де электрондық жабдықтарды) алуға тыйым салынады;

    2) Осы іріктеу кезеңінен қайта өтуге жол берілмейді.

    Ұлттық комиссияның отырысы

    Ұлттық комиссияда сұхбаттасуға Сарапшылық комиссия ұсынған кандидаттар жіберіледі.

    Ұлттық комиссия әңгімелесу қорытындысына сәйкес Резервке 50 кандидат қабылдау туралы шешім қабылданады.

    Қазақстан Республикасының
    Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
    Президенттік жастар кадр резерві | Барлық құқықтар қорғалған
    «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ