Құрметті үміткерлер!
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 2025 жылғы 30 маусымның сағат 23:59-да аяқталатынын естеріңізге саламыз.
Осыған байланысты, Сізге құжат тапсыру процедурасын аяқтау қажет.
Ол үшін жүйеге кіріп, «Менің сауалнамам» бөлімінде мәліметтерді толтырып, «Тексеруге жіберу» батырмасын басу керек.
Qazaq Resmi Test ресурсы арқылы мемлекеттік тілді білуге тестілеуден өту үшін промокодты 2025 жылғы 29 маусым сағат 23.59-ге дейін ала аласыз.
Тестілеуден 30 маусым күні сағат 13:00-ге дейін өтуіңіз қажет.