Жиі қойылатын сұрақтар
Құжаттарды қайда қабылдайды?
Құжаттарды қабылдау автоматтандырылған платформада онлайн жүргізіледі. Іріктеуге қатысу үшін Сізге Президенттік жастар кадр резервінің pkrezerv.gov.kz сайтында тіркелу және өтінім беру қажет.
Құжаттарды қабылдау қашан басталады?
Кандидаттардың өтінімдері 2023 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында қабылданады.
Іріктеу кезеңдерінің басталғаны туралы қалай біле аламын?
Президенттік жастар кадр резервінің сайтында іріктеу кезеңдерінің мерзімдері туралы ақпарат бар. Тіркелу барысында өзіңіз көрсеткен ұялы телефон нөміріне немесе электрондық поштаңызға кезеңдердің әрқайсысының өтетін орны мен күні туралы ақпарат алдын ала жіберіледі. Сондай-ақ ақпарат Сіздің жеке кабинетіңізде де жарияланады.
Іріктеудің нәтижелері туралы қайдан біле аламын?
Сіздің ұялы телефон нөміріңізге SMS түрінде келеді. Сонымен қатар, іріктеу кезеңдерінің нәтижелері туралы ақпарат Сіздің жеке кабинетіңізге орналастырылатын болады. Іріктеу кезеңінен сәтті өткен жағдайда, Сіз келесі кезеңге шақырылатын боласыз.
Интернет пен веб-камераның болуы міндетті ме?
Иә, бірқатар кезеңдерден өту үшін міндетті түрде интернет жылдамдығы кем дегенде 5 мгб болатын тұрақты байланыс, веб-камера, құлаққап пен микрофон болуы қажет.
Іріктеудің барлық кезеңдері онлайн түрде өте ме немесе кейбір кезеңдерде өзімнің жеке қатысуым керек пе?
Құжаттарды қабылдау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, ситуациялық тапсырмаларды шешу кезеңдері және құзыреттерді бағалау кезеңінің құзыреттер бойынша сұхбат блогы онлайн режимде өтеді.
Егер менің іріктеу кезеңдеріне қатысуым керек болса, шығындарымды кім төлейді?
Іріктеу кезеңдерінен өтуге байланысты барлық шығындарды кандидат өзі көтереді.
Іріктеу кезінде мені кім(-дер) бағалайды?
Бағалаушылар пулы мемлекеттік қызмет саласындағы кәсіби мамандардан, академиялық орта және бизнес қоғамдастық өкілдерінен құралған.
Президенттік жастар кадр резервіне қабылданғаннан кейін мені не күтеді?
Резервке алынған адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы уәкілетті комиссияның шешімі бойынша мемлекеттік саяси лауазымдарға, А корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, "Б" корпусының басшылық лауазымдарына және "Б" корпусының А санаттар тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.
Президенттік жастар кадр резервінде қанша уақыт боламын?
Үміткердің Президенттік жастар кадр резервінде болу мерзімі 3 жыл.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Президенттік жастар кадр резерві | Барлық құқықтар қорғалған
«Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ